Қоғам • 08 Желтоқсан, 2020

Президент волонтерлік қызметті қолдаудың бірыңғай стандартын  жасауды тапсырды

784 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Волонтер жылының жабылу рәсімінде колонтерлік қызметті қолдаудың бірыңғай стандартын  жасауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент волонтерлік қызметті қолдаудың бірыңғай стандартын  жасауды тапсырды

"Еріктілер қызметін ұйымдастырудың басты талаптары мен ұстанымдарын айқындап алған жөн. Осы мақсатпен Волонтерлік қызметті қолдаудың бірыңғай стандартын  жасауды тапсырамын. Волонтерлік – бұл жай ғана әлеуметтік құбылыс емес. Тіпті, бір күнде қалыптасатын әдет немесе дағды деуге де болмайды. Бұл – көптеген адамдардың саналы түрде таңдаған өмір салты.  Қайырымдылық – адамның бала кезінен бойға сіңетін қасиет. Сондықтан, өскелең ұрпақты жастайынан жақсылық жасауға тәрбиелеу – өте маңызды міндет", деді Президент.

Осы ретте, ол барлық білім беру мекемелерінде тақырыптық сабақтар мен факультативтік сағаттар енгізуді ұсынды.

"Қоғамға қызмет етуді зердесіне түйген ұл-қыздарымыз нағыз азамат болары анық. Дана Абай айтқан "Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек" дәл қазіргі кезеңде ауадай қажет. Бұл асыл қасиеттер волонтер қатарына қосыламын деген әрбір жастың бойынан табылады деп сенемін", деді Қ.Тоқаев.